Дихан Қамзабекұлы
ҚР Құрылтайының I шақырылым депутаты («Әділет» партиясы)
Өмірбаяны
ҚР ҰҒА Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері (1990-1996)
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің (Астана қаласы) қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, аға ғылыми қызметкері (1996-2000)
Қазақ ұлттық музыка академиясының тілдер және әдебиет кафедрасының меңгерушісі (2001-2004)
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Гуманитарлық институтының директоры (2004-2005)
«Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры (2006-2008)
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің стратегиялық даму және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі проректоры (2011-2022)
«Егемен Қазақстан» республикалық газетінің бас директоры (2022-2023)
«Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры (2023 жылдан бастап)
«Әділет» партиясы» ҚБ партиялық тізімі бойынша ҚР Құрылтайының депутаттығына кандидат (21.07.2026)
Қазақстан Республикасы Құрылтайының I шақырылымының «Әділет» партиясынан депутаты (27.08.2026 жылдан бастап)
Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі (28.08.2026 жылдан бастап)
Білімі
Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты (1990)
«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы
Марапаттары
«Құрмет» ордені (2009)
«Парасат» ордені (2018)
III дәрежелі «Барыс» ордені (2022)
Ғылым және білім саласындағы ҚР Президентінің стипендиясы (1994)
ҚР Журналистер одағының Сұлтанбек Қожанов атындағы сыйлығы (1996)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының «Ғылым» номинациясындағы лауреаты (2000)
ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» атындағы медалі (2005)
«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалі (2005)
ҚР Тұңғыш Президентінің алғыс хаты (2005)