Әділ Маратұлы Қынатов
Астана қаласы Энергетика басқармасының басшысы
Өмірбаяны
2013 жылы «Орталық Азия электр энергетикалық компаниясы» АҚ материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаментінің маманы қызметін атқарды
2013–2015 жылдары «ЦАЭК» АҚ өндірістік-техникалық департаментінің маманы болды
2016–2017 жылдары «KEGOC» АҚ «Ақмола өңіраралық электр желілері» филиалының өндірістік-техникалық қызметінің инженері қызметін атқарды
2017 жылы «Кедентранссервис» АҚ корпоративтік және процестік даму басқармасының менеджері болды
2017–2018 жылдары «Кедентранссервис» АҚ күрделі салымдар басқармасының бас менеджері қызметін атқарды
2018–2019 жылдары «Ereymentau Wind Power» компаниясында өндірістік мәселелер жөніндегі бас директордың бірінші орынбасарының міндетін атқарушы – бас инженер болды
2019–2020 жылдары «Ereymentau Wind Power» ЖШС өндірістік мәселелер жөніндегі бас директордың бірінші орынбасары – бас инженер қызметін атқарды
2020–2021 жылдары «Самұрық-Энерго» АҚ жобалық кеңсесінің жобалық менеджері болды
2021–2023 жылдары «Самұрық-Энерго» АҚ өндірістік тиімділік департаментінің директоры қызметін атқарды
2022–2023 жылдары «Самұрық-Энерго» АҚ-ның 100% еншілес ұйымы «Ereymentau Wind Power» ЖШС-нің бас директоры болды
2023–2024 жылдары «Астана-РЭК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды
2024 жылы Астана қаласы Энергетика басқармасы мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы болды
2024–2025 жылдары Астана қаласы Энергетика басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды
2025 жылғы 24 қазаннан бастап Астана қаласы Энергетика басқармасының басшысы
Білімі
Бейжің ғылым және технология университеті (2012) — жылу энергетикасы және электр энергетикасы инженері мамандығы
AlmaU (2015) — іскерлік әкімшілендіру (MBA)
Ресей Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы (2016) — іскерлік әкімшілендіру (MBA)