Әділ Миратұлы Құсманов

Әділ Миратұлы Құсманов

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары

Туған күні
25 қаңтар 1994, 32 жаста
Туған жері
Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы
Тілдерді білуі
kz, ru, en

Өмірбаяны

Еңбек жолын 2018-2020 жылдары ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында жетекші сарапшы ретінде бастаған

2020-2023 жылдары ҚР Президенті жанындағы әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингілеу орталығының сараптамалық-талдау тобының консультанты, жетекшінің орынбасары, жетекші қызметін атқарған

2023 жылғы қаңтар — 2024 жылғы қараша аралығында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары

2024 жылғы қараша айынан бастап «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасы болды

Президенттік жастар кадрлық резервінің 3.0 мүшесі

Білімі

«Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Оксфорд университетінде (University of Oxford) математикалық модельдеу және ғылыми есептеулер мамандығы бойынша магистр дәрежесі

Назарбаев Университетінде математика мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған