Әділет Нұрсағатұлы Қожанбаев

Әділет Нұрсағатұлы Қожанбаев

Абай облысы Көкпекті ауданының әкімі

Туған күні
1 қаңтар 1980, 46 жаста
Туған жері
Семей облысы, Көкпекті ауданы, Биғаш ауылы; Қазақстан
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

Еңбек жолын 2000 жылдан бастап «Крамдсбанк» АҚ Семей филиалының тарату комиссиясында кредиттік қызметкер ретінде бастады

2001 -2013 жылдары - Алматы қаласындағы «БТА Ипотека» АҚ-да процессинг және кепіл мониторингі бөлімінің басшысы, кредиттік басқарманың басшысы, атқарушы директоры

2013-2014 жылдары- «Темірбанк» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі, Семей қаласындағы Банк филиалының директоры

2014 -2021 жылдары -« Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да операциялық департамент директоры,басқарушы директор, басқарма төрағасының орынбасары

2021-2022 жылдары - «Қазақтелеком» АҚ Алматы қаласындағы сервистік фабрика – филиалының бас директоры

2022 жылдан 2024 жылдың 2 тамызына дейін - «Абай облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы

Білімі

Қазтұтынуодағының аң-терісі мех колледжін «Экономика, бухгалтерлік есеп және талдау" мамандығы

Тұран университетінің «Бухгалтерлік есеп және талдау», «құқықтану» мамандығы

​Мәскеу қаласындағы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясында оқып, «Іскерлік әкімшілендіру шебері – Master of Business Administration (MBA)» біліктілігін алды