Әділет Серімұлы Сыздықов

Әділет Серімұлы Сыздықов

Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуроры

Туған күні
4 мамыр 1987, 39 жаста
Туған жері
Қазақстан, Павлодар қаласы
Тілдерді білуі
kz, ru

Өмірбаяны

2008 жылғы 15 қыркүйек – 2009 жылғы 25 қыркүйек – Павлодар облысы Павлодар қаласы прокурорының міндетін атқарушы көмекшісі

2009 жылғы 25 қыркүйек – 2010 жылғы 3 тамыз – Павлодар облысы Павлодар қаласы прокурорының көмекшісі

2010 жылғы 3 тамыз – 2010 жылғы 1 қазан – Павлодар қаласы прокурорының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықтың сақталуын қадағалау жөніндегі көмекшісі

2010 жылғы 1 қазан – 2012 жылғы 27 желтоқсан – Павлодар облысы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықтың сақталуын қадағалау басқармасының прокуроры

2012 жылғы 27 желтоқсан – 2015 жылғы 3 қыркүйек – Павлодар облысы Павлодар қаласы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықтың сақталуын қадағалау бөлімінің бастығы

2015 жылғы 3 қыркүйек – 2016 жылғы 19 қыркүйек – ҚР Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықтың сақталуын қадағалау департаментінде Қазақстан Республикасы Бас прокурорының көмекшісі

2016 жылғы 19 қыркүйек – 2016 жылғы 14 қараша – ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық қорғау департаментінде Қазақстан Республикасы Бас прокурорының көмекшісі

2016 жылғы 14 қараша – 2017 жылғы 5 қазан – ҚР Бас көлік прокуратурасының Астана қаласы авиациялық көлік прокуроры

2017 жылғы 5 қазан – 2019 жылғы 10 маусым – Павлодар облысы Екібастұз қаласының прокуроры

2019 жылғы 10 маусым – 2024 жылғы қаңтар – Павлодар облысы прокурорының орынбасары

2024 жылғы қаңтар – 2025 жылғы қазан – Қазақстан Республикасы Бас көлік прокурорының орынбасары

2025 жылғы қазаннан бастап – Алматы қаласы Алмалы ауданының прокуроры

Білімі

Қазақ гуманитарлық-заң университеті (2008)
Мамандығы – Құқықтану

Марапаттары

«Мінсіз қызметі үшін» ІІІ дәрежелі медалі

Мерейтойлық наградалар:

«Қазақстан Республикасының прокуратурасына 30 жыл»

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл»