Динара Желдібаева

Динара Желдібаева

ҚР СІМ Коммуникациялар департаментінің директоры
Тіл білуі
Қазақша, Орысша, Ағылшынша, Испанша
Өміріне қатысты қызықты деректер

Халықаралық қатынастар саласында магистр дәрежесіне ие

I сыныпты Кеңесші дипломатиялық дәрежеге ие

Еңбек жолы

1997 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Әкімшілік және бақылау департаментінің Ақпараттық талдау және жоспарлау басқармасында референт қызметінен бастап, кейін атташе

1999-2000 жылдары ҚР СІМ Әкімшілік департаментінің Баспасөз қызметі бөлімінде атташе 

2000 жылы ҚР СІМ Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінде үшінші хатшы 

2000-2002 жылдары ҚР СІМ Экономикалық саясат департаментінде үшінші және екінші хатшы 

2002 жылы ҚР СІМ Инвестициялар комитетінде бірінші хатшы 

2002-2003 жылдары ҚР СІМ Халықаралық экономикалық қатынастар басқармасында бірінші хатшы, ал 2003-2004 жылдары Экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық департаментінің кеңесшісі 

2004-2006 жылдары ҚР СІМ Халықаралық гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастық басқармасының кеңесшісі 

2006-2008 жылдары Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінде кеңесші 

2008-2013 жылдары ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінде ҚР шетелдік мекемелерінің имидждік жобаларын іске асыру басқармасының басшысы

2013-2021 жылдары ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары 

2021-2025 жылдары Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде кеңесші болып еңбек етті.

ҚР СІМ Коммуникациялар департаментінің директоры қызметіне тағайындалғанға дейін 2025 жылғы қыркүйек айынан бастап ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары

Білімі

1996 (бакалавр) және 1998 (магистратура) жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университеті

Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдаған

 

Архив казинформ
Посмотреть еще