Екатерина Сергеевна Смолякова
ҚР Құрылтайының I шақырылым депутаты («Respublica» партиясы)
Өмірбаяны
Алматы индустриялық колледжінің оқытушысы (2013–2014)
«Өнер» баспасының қызметкері (2014–2015)
С.А. Ходжиков атындағы №39 лицейдің оқытушысы (2015–2016)
Қазақстан-Британ техникалық университетінің мансап және түлектермен жұмыс орталығының жетекшісі, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, оқытушысы (2016–2018)
Қазақстан-Британ техникалық университеті проректорының академиялық мәселелер жөніндегі орынбасары (2018–2019)
«Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, басқарма мүшесі (2019–2025)
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты (26.02.2025–01.07.2026)
«Respublica» партиясының партиялық тізімі бойынша Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидат (16.07.2026)
Қазақстан Республикасы Құрылтайының I шақырылым депутаты, «Respublica» партиясынан (27.08.2026 жылдан бастап)
Құрылтайдың Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі (28.08.2026 жылдан бастап)
Білімі
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті (2009)
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (2012)
Қазақстан-Британ техникалық университеті, DBA докторы (2024)
Марапаттары
KAZENERGY қауымдастығының мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін медалі (2022)
«NNEF» қоғамдық қорының 25 жылдығына орай берілген кәсібилік медалі (2023)
«ҚР Үздік Іскер Әйелі» медалі (2024)