Эльдар Кусманович Бакпаев
- Туған күні
-
12 Сәуір, 198639 жас
- Туған жері
-
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Қазақстан
- Тіл білуі
-
Орысша, Қазақша
ЕҢБЕК ТӘЖІРИБЕСІ:
Еңбек жолын Павлодар қаласындағы «Ирбис ТВ» ЖШС, «Арна» РИА ЖШС телекомпанияларында тілші қызметінен бастады.
Әр жылдары түрлі лауазымдарда жұмыс істеді: Пресс-қызмет басқармасының басшысы – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің баспасөз хатшысы, сарапшы, Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметінің консультанты, «Хабар 24» АҚ арнасының атқарушы директоры және директоры, «Хабар» агенттігі» АҚ.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен наградталған.
Осы тағайындауға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысының орынбасары қызметін атқарды, Астана қаласы.
2025 жылғы 30 сәуірде Абай облысы әкімінің аппарат басшысы болып тағайындалды.
2009 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдады. 2021 жылы Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетінің магистратурасын бітіріп, «Экономика ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі берілді.