Елдос Сәкенұлы Мырзабек
Жетісу облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы
Өмірбаяны
Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Алматы облыстық филиалының Талдықорған қаласындағы бөлімшесінде басшының хатшысы қызметінен бастады
Кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Алматы облыстық филиалында жетекші маман-экономист болып жұмыс істеді
Одан кейін Алматы облысы әкімі аппаратының заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімінде бас маман қызметін атқарды
Алматы облысы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді мониторингтеу және ақпараттық технологиялар бөлімінде облыс әкімінің бас инспекторы болды
Кейін Текелі қаласы әкімдігі аппаратының басшысы, қала әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды
2022 жылғы наурыздан тамызға дейін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің сауда департаментінің басшысы болды
2022 жылдың тамыз айынан бастап Жетісу облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы
Білімі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған
Ө. Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясын бітірген