Ербол Ердембекұлы Тлешов

Ербол Ердембекұлы Тлешов

ҚР ҒЖБМ Тіл саясаты комитетінің төрағасы
Туған жері
Қарағанды облысы, Қазақстан
Тіл білуі
Қазақша, Орысша
Еңбек жолы

1992-2001 жылдары С.Сейфуллин атындағы Ақмола университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында оқытушы, аға оқытушы болып жұмыс істеді

2001-2002 жылдары Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының доценті қызметін атқарды

2002-2004 жылдары Л.Гумилев атындағы Еуразия университеті Гуманитарлық институты директоры орынбасарының міндетін атқарушы, директорының орынбасары болды

2004-2007 жылдары «Республикалық мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығы» РМҚК директорының орынбасары, директоры болып жұмыс істеді

2007 жылдан 2012 жылға дейін жеке коммерциялық құрылымдарда еңбек етті

2012-2015 жылдары – Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы бастығының міндетін атқарушы, басшысы

2015-2022 жылдары – «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы» РМҚК директорының міндетін атқарушы, директоры, атқарушы директоры

2022 жылғы наурыздан 2023 жылға дейін «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ бас директоры 

2023 жылдың 27 наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы 

Білімі

Абай атындағы Қазақ Еңбек Қызыл Ту орденді педагогикалық университеті

Фото