Ербол Кәрімұлы Жүсіпбеков

Ербол Кәрімұлы Жүсіпбеков

Ақмола облысы Жарқайың ауданының әкімі

Туған жері
Ақмола облысы, Красный Яр ауылы; Қазақстан
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

Еңбек жолын 1989 жылы Көкшетау облысы Чистополье ауылының "Чистопольский" кеңшарында зоотехник-селекционер болып бастады

1991-1993 жылдары-Көкшетау облысы, Чистополье ауылы, "Чистопольский" совхозының бас зоотехнигі

1993-1996 жылдары-Көкшетау жылқы зауыты директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, Березняковка ауылы

1997-2003 жылдары-Березняковка ауылы, "Шоқан" шаруа қожалығының басшысы

2003-2005 жылдары-Ақмола облысы Зеренді ауданы Садовый ауылдық округінің әкімі, Садовое ауылы

2005-2006 жылдары-Ақмола облысы Зеренді ауданы Зеренді ауылының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бастығы

2006-2009 жылдары-Ақмола облысы Зеренді ауданы Зеренді ауылының ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы

2009-2011 жылдары-Ақмола облысы Зеренді ауданы "Қылшақты" ЖШС директоры, Молодежное ауылы

2010-2011 жылдары-Ақмола облысы Зеренді ауданы Зеренді ауылдық округінің әкімі, Зеренді ауылы

2011 жылғы шілде – 2011 жылғы қазан аралығында-Ақмола облысы Зеренді ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы

2011-2012 жылдары-Ақмола облысы Зеренді ауданы Зеренді ауылының ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы

2012-2018 жылдары-Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары

2018-2019 жылдары-Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің аппараты ММ ұйымдастыру және бақылау жұмысы бөлімінің бас маманы

2019-2020 жылдары-Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары

2020-2021 жылдары-Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары

2021 - 2020 жылдары Ақмола облысы Сандықтау ауданының әкімі

2024 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін – Ақмола облысы Жарқайың ауданының әкімі

Білімі

1989 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын "зооинженер"мамандығы

1983 жылдан 1985 жылға дейін – СА – Сахалин қатарында қызмет етті