Ербол Жолдаспекұлы Нұрғалиев
ҚР Құрылтайының I шақырылым депутаты («Әділет» партиясы)
Өмірбаяны
Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданындағы В.И. Чапаев атындағы орта мектептің сызу пәнінің мұғалімі (1994–1996)
Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданындағы В.И. Чапаев атындағы орта мектептің тарих және мемлекет және құқық негіздері пәндерінің мұғалімі, тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары (1996–2002)
Жарма ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі (2002–2005)
Жарма ауданы әкімінің көмекшісі (2005–2009)
Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары (2009–2011)
Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бастығы (2011–2015)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті төрағасының орынбасары (2015–12.2015)
Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының басшысы (29.12.2015–06.05.2017)
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары (06.05.2017–21.11.2018)
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік секторының меңгерушісі (21.11.2018–09.2019)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы (09.2019–08.2022)
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы (07.2023–07.2024)
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (07.2024–08.2026)
Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты, «Әділет» партиясының партиялық тізімі бойынша (27.08.2026 жылдан бастап)
Білімі
М.О. Әуезов атындағы Семей педагогикалық училищесі (1994)
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті (2000)
Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университеті (2010)
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті (2018)
«Тарих және құқық пәнінің мұғалімі», «Экономика және бизнес магистрі»
Марапаттары
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі (2011)
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі (2016)