Ербол Жоракелдіұлы Тұяқбаев

Ербол Жоракелдіұлы Тұяқбаев

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші вице-министрі

Туған жері
Қазақстан
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша, ағылшынша

Өмірбаяны

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті, ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасының Инженерлік орталығы РМК-да өндірістік тәжірибе (2011–2013)

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінде сарапшы, бас сарапшы, басқарма басшысының міндетін атқарушы (2013–2018)

«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-да БАҚ және халықпен жұмыс департаментінің менеджері, «Астана» ӘКК» АҚ-да стратегия және жиынтық талдау департаментінің, цифрландыру және кәсіпкерлікті қолдау департаментінің бас менеджері (2019–2020)

Астана қаласы әкімдігі аппаратында бас маман, бас инспектор, ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы (2020–2021)

Астана қаласы әкімдігі аппаратының инспекторлық және аумақтық жұмыс бөлімінің басшысы (2021–2022)

Астана қаласы әкімдігі аппараты басшысының орынбасары (2022–2023)

ҚР Үкіметі Аппаратының әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі (20.02.2023–04.2026)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші вице-министрі (04.2026 жылдан бастап)

Білімі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті