Сарабеков Ерболат Сарабекович

Ерболат Сарабекұлы Сарабеков

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары
Туған күні
06 Қараша, 1985
39 жас
Туған жері
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Тауып ауылы, Қазақстан
Тіл білуі
Қазақша, Орысша
Еңбек жолы

Есік қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы м.а. (2010)

Негізгі қызметкер бала күтімі бойынша демалыста болған кезеңде Есік қаласы әкімі аппаратының жетекші маманы (2010)

Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімі дене шынықтыру және спорт секторының жетекші маманы (2010–2012)

Еңбекшіқазақ ауданы спорт және дене шынықтыру бөлімінің жетекші маманы (2012–2013)

Еңбекшіқазақ ауданы спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы (2013–2021)

Еңбекшіқазақ ауданы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы (2021–2022)

Еңбекшіқазақ ауданы ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы (2022–2023)

Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы олимпиадалық спорт түрлері және спорт резерві бөлімінің басшысы, Қонаев қаласы (2023)

Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Қонаев қаласы (2023–2025)

Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары (2025 жылғы 17 ақпаннан бастап – қазіргі уақытқа дейін)

Білімі

Қазақ ұлттық аграрлық университеті (2008), мамандығы – «Ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелері»

Алматы үздіксіз білім беру университеті (2013), мамандығы – «Юриспруденция»

Архив казинформ
Посмотреть еще