Ерболат Темірболатұлы Балғабаев
Маңғыстау облысы Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы
Өмірбаяны
Семей облысы Аягөз ауданындағы «Қазақстан» совхозының комсомол-жастар бригадасы цехтық комсомол ұйымының хатшысы (1984)
Семей облысы Аягөз ауданаралық прокуратурасы тергеушісінің міндетін атқарушы (1992–1993)
Семей облысы Аягөз ауданаралық прокуратурасының аға тергеушісі (1993–1995)
Семей облысы прокуратурасының алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау жөніндегі аға көмекшісі (1995–1996)
Жамбыл облысы прокуратурасының алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, Жамбыл қаласы Орталық ауданы прокурорының аға көмекшісі (1996–1997)
Тараз қаласы прокурорының аға көмекшісі (1997–1998)
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы прокурорының орынбасары (1998–1999)
Көкшетау қаласы прокурорының көмекшісі (1999)
Ақмола облысы прокуратурасының жедел-іздестіру қызметі, тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры (09.1999–11.1999)
Ақмола облысы прокуратурасының аталған басқармасы бастығының орынбасары (11.1999–2000)
Ақмола облысының табиғат қорғау прокуроры (2000–2003)
Ақмола облысы Щучье ауданының прокуроры (2003–2004)
Ақмола облысы прокурорының орынбасары (2004–2006)
Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары (2006–03.2008)
Батыс өңірлік көлік прокуроры (03.2008–2009)
Астана қаласы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес департаментінің (Қаржы полициясы) бастығы (02.2012)
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен Қаржылық мониторинг агенттігі құрылымдарында басшылық қызметтер атқарған
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы (05.2023–06.2026)
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы (06.2026 жылдан бастап)
Білімі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (1992)
«Құқықтану» мамандығы