Ерік Әбенұлы Байжүнісов

Ерік Әбенұлы Байжүнісов

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы басқармасының төрағасы

Туған күні
26 сәуір 1965, 61 жаста
Туған жері
Қазақстан, Алматы облысы
Тілдерді білуі
kz, ru

Өмірбаяны

Алматы облыстық клиникалық ауруханасының травматология бөлімшесінде медбрат

Қапшағай қалалық ауруханасында хирург дәрігер, емхана бойынша бас дәрігердің орынбасары

Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасында экономика жөніндегі бас дәрігердің орынбасары

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің Медициналық қызметтерге ақы төлеу орталығында ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы, статистика, талдау және ақпараттық жүйелер басқармасы бастығының орынбасары, ұйымдастыру, кадр және құқықтық жұмыс бөлімінің бастығы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің консультанты, бас сарапшысы;

Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары

Солтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры

Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне қарасты «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры – басқарма төрағасы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы ШЖҚ РМК басқарма төрағасының кеңесшісі

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы басқармасының төрағасы (2025 жылғы тамыздан бастап)

Білімі

Алматы мемлекеттік медицина университеті, «Емдеу ісі» мамандығы

Миддлсекс университеті (Ұлыбритания) – денсаулық сақтау менеджменті бойынша курс

Данубиус университеті (Словакия) – мемлекеттік басқару саласы бойынша PhD философия докторы

Чех медициналық-экономикалық институты – «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандануы бойынша Іскерлік әкімшілендіру магистрі (MBA) дәрежесі

Марапаттары

«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі

«Құрмет» медалі

«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі

Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін II дәрежелі медаль