Еркен Ержигитович Беркенов

Еркен Ержигитович Беркенов

Абай облысы Семей қаласы әкімі аппаратының басшысы
Туған күні
10 Тамыз, 1990
35 жас
Туған жері
Балқаш қаласы, Қазақстан
Тіл білуі
Қазақша, Орысша
Еңбек жолы

 

Балқаш қаласының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бас маманы (10.2012–04.2014)

Балқаш қаласы әкімінің аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы (04.2014–07.2016)

Балқаш қаласы әкімінің аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі және ақпараттық технологияларды дамыту бөлімінің басшысы (07.2016–02.2017)

Балқаш қаласының «Ішкі саясат бөлімі» ММ сектор меңгерушісі (03.2017–06.2018)

Балқаш қаласының «Ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы (06.2018–07.2024)

Қарағанды облысының «Ішкі саясат басқармасы» ММ басшысының орынбасары (07.2024–11.2024)

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің Қоғамдық-саяси жұмыс басқармасының бас сарапшысы (11.2024–06.2025)

Абай облысы Семей қаласы әкімі аппаратының басшысы (25.06.2025 бастап)

Білімі

2012 жылы академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтады.

2015 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша бітірді.

 2016 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алып аяқтады.

2019 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану: экономика саласындағы құқықтық реттеу» мамандығы бойынша тәмамдады.

2024 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік саясат» бағдарламасы бойынша магистр академиялық дәрежесін алып аяқтады.