Ерлан Бәтташұлы Сыдықов

Ерлан Бәтташұлы Сыдықов

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры
Туған күні
29 Ақпан, 1956
70 жас
Туған жері
Семей қаласы, Қазақ КСР
Отбасы жағдайы
үйленген Құрманбаева Шырын Асылханқызы
Туыстық байланыс
Алуа (қызы)
Алма (қызы)
Алихан (ұлы)
Тіл білуі
Қазақша, Орысша
Өміріне қатысты қызықты деректер

Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:

ҚазМУ аспирантурасы, тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады (1984 ж.)

«Қазақстан Ресей Федерациясының құрамында (1917–1937 жж.)» тақырыбындағы докторлық диссертациясын қорғады (15.10.1999 ж.)

Қазақстан Республикасы ЖАК шешімімен профессор ғылыми атағы берілді (25.10.2001 ж.)

Халықаралық педагогикалық білім беру ғылымдары академиясының академигі (2003 ж.)

Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының академигі, Қазақстанның Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (2005 ж.)

Ғылыми, әдеби еңбектері, жарияланымдары:

100-ден астам ғылыми және ғылыми-әдістемелік мақалалардың, 3 оқу құралының, 4 монографияның авторы

Еңбек жолы

Жамбыл технологиялық ет және сүт өнімдері институты Семей филиалының зерттеуші-стажеры, Семей қаласы (1978-1980); - Семей технологиялық институты КОКП тарихы және политэкономия кафедрасының ассистенті, Семей қаласы (1980-1981)

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аспиранты, Семей қаласы (1981-1984)

Семей технологиялық институты КОКП тарихы және политэкономия кафедрасының ассистенті, Семей қаласы (04.1984-12.1984)

Семей технологиялық институты КОКП тарихы және политэкономия кафедрасының аға оқытушысы, Семей қаласы (1984-1987)

Семей технологиялық институты КОКП тарихы кафедрасының доценті, Семей қаласы (1987-1990)

Семей технологиялық институты сырттай факультеті деканының орынбасары, Семей қаласы (1989-1990)

Семей технологиялық институты саяси тарих кафедрасының меңгерушісі, Семей қаласы (1990-1993)

Семей технологиялық институтының коммерциалық оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, Семей қаласы (1993-1996)

Семей технологиялық институтының аға ғылыми қызметкері, Семей қаласы(02.1996-06.1996)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қызмет және кадрлық жұмыс бөлімінің кеңесшісі, Астана қаласы (1996-1997)

«Семей» мемлекеттік университетінің ректоры, Семей қаласы (1997-1999); - Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры, Семей қаласы (1999-2004)

Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, Семей қаласы (2004-2008)

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры, Семей қаласы (2008-2011)

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, Нұр-Сұлтан қаласы (2011 – қазіргі уақыт)

Білімі

Қазақ мемлекеттік университеті С.М. Киров (1978)

Қазақ гуманитарлық заң университеті (2004)

Марапаттары

Ордендер: «Парасат» (2011 ж.), «Барыс» II дәрежесі (2015 ж.), «Барыс» III дәрежесі (16.12.2021 ж.)

Медальдар: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 ж.), «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.), Ы. Алтынсарин атындағы медаль (2004 ж.), А. Байтұрсынов атындағы күміс медаль (2004 ж.), Халықаралық биографиялық орталық комиссиясының күміс медалі (Кембридж, Англия)

Төсбелгілер: «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2001 ж.), «Қазақстан Республикасында ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2007 ж.);

Атақтар: «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2005 ж.), «Қазақстан Республикасының спорт саласының құрметті қайраткері» (2007 ж.), Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы (2009 ж.), ғылым мен білімді дамытуға қосқан баға жетпес үлесі үшін «Әлемнің көрнекті ғалымы» атағы (Халықаралық биографиялық орталық комиссиясы, Кембридж, Англия)

Пушкин медалі (2023 ж.)