Ерлан Ғадлетұлы Батырбеков
ҚР Құрылтайының I шақырылым депутаты («Әділет» партиясы)
Өмірбаяны
Инженер, Ядролық физика институтының жетекші ғылыми қызметкері
АҚШ-тың Иллинойс университетінде физик-зерттеуші (1992–1994)
«КК Интерконнект» бірлескен кәсіпорнының вице-президенті, президенті (1995)
Ұлттық ядролық орталық бас директорының бірінші орынбасары (05.2009–2013)
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығы РМК бас директоры, ҚР ҰЯО РМК «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» филиалының басшысы (2013–08.2026)
«Әділет» партиясынан Қазақстан Республикасы Құрылтайының I шақырылым депутаты (27.08.2026 жылдан бастап)
Білімі
Мәскеу инженерлік-физика институты, Мәскеу қаласы, Ресей (1984)
АҚШ Сауда министрлігінің Уортон бизнес және экономика мектебі, Вашингтон қаласы, Колумбия округі, АҚШ (1995)
«Қазіргі заманғы маркетинг және қаржы» бағыты
Калифорния мемлекеттік университеті, Гарвард бизнес мектебі, Калифорния штаты, АҚШ (1996)
«Бизнесті стратегиялық басқару» бағыты
Физика-математика ғылымдарының кандидаты (1990)
Физика-математика ғылымдарының докторы (2009)
Профессор
Қазақстан Республикасы Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі
Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі (2024)
Марапаттары
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі
«Ерен еңбегі үшін» медалі
«Қазақстан Республикасының атом саласының еңбек сіңірген қызметкері» I дәрежелі құрметті төсбелгісі (алтын белгі)
«Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 20 жыл» төсбелгісі
Әл-Фараби атындағы 2023 жылғы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығы (24.10.2023)