Ерлан Нұрбайұлы Атамбай
«Хабар» телеарнасының директоры
Өмірбаяны
Ерлан Нұрбайұлы Атамбай еңбек жолын журналистика саласында бастаған
«31 арна» телерадио компаниясы ЖШС Қазақ редакциясының журналисі, тілшісі (2001–2007)
«Астана қаласының телевидениесі» ЖШС жаңалықтар қызметінің тілшісі, ақпараттық бағдарламалардың жауапты шығарушы редакторы, қазақ редакциясының меңгерушісі, аға редакторы (2007–2012)
«Евразия+ОРТ» ЖШС редакторы, аға шеф-редакторы (2012–2013)
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ бас редакторы, конвергентті редакцияның жетекшісі (2013–2015)
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының директоры (2016–2020)
«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Ақмола облыстық филиалының директоры (2020–2022)
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК баспасөз қызметінің басшысы (2022–2024)
«Хабар» агенттігі» АҚ «Хабар» телеарнасы директорының орынбасары – Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар қызметінің жетекшісі (2024–2025)
2025 жылғы 17 қарашадан бастап «Хабар» телеарнасының директоры қызметін атқарады
Білімі
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті – «Журналистика» мамандығы
Тұран-Астана университеті – «Құқықтану» мамандығы
Марапаттары
«Ерен еңбегі үшін» медалі (2024)
«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі (2020)
«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі (2019)
Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаты (2016, 2019)