Ермек Ербатырұлы Кучуков
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы
Өмірбаяны
«Павлодар облыстық онкологиялық диспансері» ККМП-да дәрігер-онколог-хирург (2000-2009)
«Медициналық көлік қызметі» АҚ-ның «Павлодар станциясының теміржол ауруханасы» Павлодар филиалында гинекология бөлімінің меңгерушісі және дәрігер-эксперт (2009-2015)
«Павлодар қаласының №1 ауруханасы» ШЖҚ КМК-ның емдеу-профилактикалық жұмыстары жөніндегі бас дәрігерінің орынбасары (2015-2018)
«Павлодар теміржол ауруханасы» ЖШС басшысы (2018-2025)
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы (2025 жылғы желтоқсаннан бастап)
Білімі
Семей мемлекеттік медицина академиясы, «Емдеу ісі» мамандығы (1998)
Клиникалық ординатура, «Акушерия және гинекология» мамандығы (2000)
Инновациялық Еуразия университеті, «Менеджмент» мамандығы (2017)
Ресейдің Қазан қаласында гинекологиядағы эндоскопиялық хирургия бойынша оқудан өтті (2010)
Мәскеу облыстық акушерлік және гинекология ғылыми-зерттеу институтында (МОНИИАГ, Мәскеу қаласы, Ресей) урогинекологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу бойынша, сондай-ақ Семей қаласының ММУ Павлодар филиалында медициналық көмектің сапасын сараптау бойынша оқудан өтті (2013)
Ресейдің Санкт-Петербург қаласында реконструктивті урогинекология бойынша курстан өтті (2022)