Ермек Әмірханұлы Аманшаев

Ермек Әмірханұлы Аманшаев

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Парламенттегі өкілі

Туған күні
12 наурыз 1963, 63 жаста
Туған жері
Қазақстан; Шымкент облысы, Мақтаарал ауданы
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

Маңғыстау облысы Ералиев ауданы №41 орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі (1979-1980)

Қазақ КСР Орталық мемлекеттік музейінің ғылыми қызметкері (1985-1986)

Қазақ Кеңес энциклопедиясы бас редакциясының ғылыми редакторы (1985-1988)

«Жалын» журналының жауапты хатшысы (1988-1991)

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы (1991-1995)

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Іс басқармасының Қоғамдық бірлестіктермен байланыс мәдениет бөлімінің референті (01.1995-05.1995)

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Аппаратының Ішкі саясат бөлімінің кеңесшісі (05.1995-12.1995)

Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің мәдениет секторының меңгерушісі (1995-1997)

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Үкімет шешімдерін дайындауды үйлестіру секторының меңгерушісі (04.1997-11.1997)

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Сараптамалық-талдау бөлімінің кеңесшісі (1997-1998)

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Қаржылық-экономикалық сараптама бөлімінің өндірістік емес сала секторының кеңесшісі (1998-1999)

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Экономикалық бөлімінің әлеуметтік сала секторының меңгерушісі (05.1999-12.1999)

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму және әлеуметтік сала бөлімінің меңгеруші орынбасары, сектор меңгерушісі (1999-2000)

Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысы (2000-2002)

Астана қаласы Мәдениет департаментінің директоры (01.2002-10.2002)

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы (2002-2003)

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі (06.2003-10.2003)

Қазақстан Республикасы Мәдениет вице-министрі (10.2003-2004)

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрі (2004-02.2006)

Астана қаласы әкімінің орынбасары (2006-04.2008)

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Аппараты басшысының міндетін атқарушы (2008)

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті (05.2008-12.2014)

Астана қаласы әкімінің орынбасары (12.2014-07.2019)

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Үкіметінің Парламенттегі өкілі (07.2019-2022)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Парламенттегі өкілі (02.2023 бастап)

Білімі

С.М.Киров атындағы Қазақ ұлттық университеті (1985)

Филолог, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы

Филология ғылымдарының кандидаты, диссертациясының тақырыбы: «Әдеби образ құрудың рухани және көркем көздері» (2006)

Марапаттары

«Барыс» ордені III дәрежесі (23.10.2024)

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы (12.12.2005)

«Мәдениет қайраткері» белгісі

«Астана» медалі

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі

Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты