Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты
Өмірбаяны
Ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдағы қызметтерді атқарды (1994-2006 жж.)
ҚР Президенті Күзет қызметінің офицерлік және басшылық лауазымдарында қызмет атқарды (2006-2019 жж.)
Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – ҚР Президенті Күзет қызметінің бастығы (2019-2021 жж.)
Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін атқарушы, бастығы (2021-2022 жж.)
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы (2022 жылғы қаңтардан бастап)
Білімі
Қазақ политехникалық институты (1989 ж)
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (2007 ж)
Марапаттары
ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен наградталған
ҚР МҚК Құрметті қызметкері
2020 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры атағы берілді
2022 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атағы берілді