Ернар Серікбайұлы  Жаркешов

Ернар Серікбайұлы Жаркешов

Ақмола облысы әкімінің орынбасары
Туған күні
24 Қазан, 1986
39 жас
Туған жері
Ұлытау облысы, Қазақстан
Тіл білуі
Қазақша, Орысша, Ағылшынша, Қытайша
Еңбек жолы

2008 жылғы маусым мен тамыз аралығында — Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде тағылымдамадан өтуші, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-кадр жұмысының бөлімінде тағылымдамадан өтуші болды

2010-2011 жылдар аралығында Сингапур Ұлттық университеті Ли Куан Ю атындағы жоғары мемлекеттік саясат мектебінің зерттеуші-ассистенті болды

2011-2012 жылдары — Қазақстан Республикасы Экономикалық даму министрлігінің «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ, «Қазақстандық мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығы» АҚ бас сарапшысы

2012-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ғылыми-зерттеу институты директоры орынбасарының, директорының м. а., директорының қызметін атқарды

2014-2017 жылдар аралығында Қазақстанда БҰҰ даму бағдарламасы жобаларының ұлттық консультанты, жоба басшысы, портфель басшысы лауазымын атқарды

2017-2019 жылдар аралығында «Стратегиялық бастамалар орталығы» ЖШС атқарушы директорының, бас директорының, басқарушы әріптесінің (жеке қазақстандық консалтингілік компаниясы) қызметін атқарды

2019-2021 жылдар аралығында Еуразия елдері, Whiteshield Partners бойынша халықаралық консалтингтік компанияның директоры болды

2021-2024 жылдар аралығында — Сеул қ., Мемлекеттік басқарудың Азиялық қауымдастығы директорлары кеңесінің мүшесі (қашықтықтан)

2022-2023 жылдар аралығында — «Самұрық-Қазына» АҚ директорлары кеңесінің мүшесі

2022-2024 жылдар аралығында «Management» АҚ жеке компаниясының, «Полистройгрупп» ЖШС басқарушы директорының лауазымын атқарды

2024 жылғы ақпан айынан бастап маусым айына дейін Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат төрағасының кеңесшісі болды

Ақмола облысы әкімінің экономика, қаржы, инвестициялар, кәсіпкерлік және туризм мәселелері жөніндегі орынбасары

Білімі

Бирмингем университетін (Ұлыбритания) (басқару, менеджмент, мемлекеттік саясат саласында ғылым бакалавры)

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін (қаржы бакалавры)

Сингапур Ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы жоғары мемлекеттік саясат мектебін (мемлекеттік саясат саласындағы ғылым магистрі)

Гарвард университетінің Дж. Кеннеди атындағы жоғары мемлекеттік басқару мектебін (мемлекеттік басқару магистрі) 

Марапаттары

Карате шинкиокушинкай бойынша бірінші дан қара белдеуінің иегері

Архив казинформ
Посмотреть еще