Ернұр Бөкенбайұлы Жәутікбаев
- Туған күні
-
01 Қаңтар, 198441 жас
- Туған жері
-
Алматы облысы, Қазақстан
- Тіл білуі
-
Орысша, Қазақша
Ернұр Жәутікбаев 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
2007 жылы Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін инженер мамандығын, 2010 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
ЕҢБЕК ТӘЖІРИБЕСІ:
Инспектор, Алматы қаласы Алмалы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы (2007 ж.)
Алматы қаласы Жетісу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары (2007–2011 жж.)
Бас маман, кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімі, Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппараты (2011–2012 жж.)
Мемлекеттік инспектор, Алматы қаласының аумақтық жер инспекциясы (2012–2014 жж.)
Бас сарапшы, персоналды басқару қызметі, Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігі (2014 ж.)
Бас сарапшы, кадр қызметі, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жанындағы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (10.2014–2016 жж.)
Басқарма басшысы, кадрлық әлеуетті дамыту басқармасы, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (2016–2018 жж.)
Департамент директорының орынбасары, электрондық өнеркәсіпті дамыту департаменті, Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (2018–2019 жж.)
Павлодар ауданы әкімінің орынбасары (04.2019–09.2021 жж.)
Басқарма басшысы, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, Павлодар облысы (09.2021–09.2023 жж.)
Төраға орынбасары, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті (09.2023–10.2025 жж.)
Төраға, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті (10.2025 бастап)
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті (2007 ж.)
Мамандығы – «Инженер»
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (2010 ж.)
Мамандығы – «Құқық»