Ержан Ерболұлы Ертаев

Ержан Ерболұлы Ертаев

ҚР энергетика вице-министрі

Туған күні
1 шілде 1985, 41 жаста
Туған жері
Павлодар облысы, Май ауданы, Қазақстан
Тілдерді білуі
kz, ru

Өмірбаяны

Электромеханик, "Павлодар лифт" ЖШС (2009)

Павлодар облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының жетекші маманы, бас маманы (2009-2013)

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің бас сарапшысы (2013-2014)

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің басқарма басшысы (2014-2015)

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы (2015-2017)

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы (2017-2018)

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары (09.2018-05.2020)

Павлодар облысының Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы (05.2020-04.2021);

"Самұрық-Энерго" АҚ Басқарма төрағасы аппаратының басшысы (04.2021-05.2022); "Б. Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1" ЖШС Бас директоры (05.2022-11.2023)

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары (11.2023-07.2024)

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы (07.2024)

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ержан Ертаев Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі болып тағайындалды (22.09.2026)

Білімі

Павлодар Инновациялық Еуразия Университеті

"Өнеркәсіптік жылу энергетикасы" мамандығы (2008)

Павлодар Инновациялық Еуразия Университеті

"Құқықтану" мамандығы (2012)