Ержан Қыпшақбайұлы Абдықалықов

Ержан Қыпшақбайұлы Абдықалықов

Алатау қаласы әкімінің орынбасары
Туған күні
11 Тамыз, 1982
43 жас
Туған жері
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қазақстан
Тіл білуі
Қазақша, Орысша
Еңбек жолы

«Алматы Пауэр Консолидэйтед» ТЭЦ-2 департаментінде машинист-байқаушы (2003–2005)

«Данфосс» ЖШС-де клиенттермен жұмыс жөніндегі инженер (2005–2007)

«York Austria International GmbH» компаниясында сату жөніндегі инженер (2007–2008)

«Джонсон Контролс» ЖАҚ филиалында сату жөніндегі инженер (01.02.2008–21.04.2008)

«Энергетическая Компания» ЖШС-де сату жөніндегі инженер (04.05.2009–30.11.2009)

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті аумақтық органдары жұмысының үйлестіру басқармасында бірінші деңгейлі сарапшы (2009–2010)

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Нормативтік-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы (2010–2011)

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Тұтынушылардың электр қондырғыларын бақылау және энергия үнемдеу басқармасының бастығы (2011–2012)

Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Нормативтік-техникалық қамтамасыз ету және энергия үнемдеу басқармасының бастығы (09.02.2012–09.04.2012)

«Қазақстан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту департаментінің басқарушы директоры (10.04.2012–06.08.2012)

«Қазақстан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ технологиялық консалтинг және инжиниринг орталығының жетекшісі (06.08.2012–24.01.2013)

«Қазақстан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (24.01.2013–12.11.2013)

Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы (2013–2016)

«СПК Байқоңыр» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары (2016–2017)

Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы (04.2017–03.2019)

Батыс Қазақстан облысындағы «Батыс су арнасы» ЖШС-нің атқарушы директоры

Алатау қаласы әкімінің орынбасары (қазіргі уақытқа дейін)

Білімі

Алматы энергетика және байланыс институты (1999, 2004).

Мамандығы: «Инженер-энергетик», «Жылу энергетикасы магистрі».

Архив казинформ
Посмотреть еще