Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев

Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев

ҚР Сыртқы істер бірінші вице-министрі

Туған күні
16 маусым 1974, 51 жаста
Туған жері
Алматы қаласы; Қазақстан
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша, ағылшынша, түрікше, французша

Өмірбаяны

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің Шығыс бөлімінде Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының референті (1998–1999);

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің Шығыс бөлімінің атташесі (1999 ж. сәуір – 1999 ж. маусым);

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің үшінші хатшысы (1999–2000);

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаментінің Экономикалық жобалар және инвестициялар басқармасының екінші хатшысы (2000–2001);

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Экономикалық саясат департаментінің Еуропа және Америка елдерімен экономикалық ынтымақтастық бөлімінің бастығы (2001–2002);

Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің бірінші хатшысы (2002–2005);

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық гуманитарлық және экономикалық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары (2005 ж. наурыз – 2005 ж. маусым);

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңсесі басшысы (2005–2007);

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы (2007–2009);

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі — Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші (2009–2011);

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары — Қазақстан Республикасы Үкіметінің ресми өкілі (2012 ж. қыркүйек – 2012 ж. қазан);

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі (2012 ж. қазан – 2013);

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі (2013 ж. желтоқсан – 2021 ж. 5 сәуір);

Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2021 ж. 5 сәуір – 2025 ж. 26 қыркүйек);

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер бірінші вице-министрі (2025 ж. 13 қазаннан бастап).

Білімі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университеті (1998)
– Халықаралық қатынастар мамандығы, екі шет тілін меңгерген елтанушы-референт

Гарвард университетінің Дж. Ф. Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебі, «Болашақ» бағдарламасы бойынша (2012)

Дипломатиялық дәрежесі — Төтенше және Өкілетті Елші I сыныбы