Есенаманов Адайбек Шакирович

Есенаманов Адайбек Шәкірұлы

Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары

Туған күні
15 сәуір 1990, 36 жаста
Туған жері
Ақтөбе облысы; Қазақстан
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

Еңбек жолын 2012 жылы Ақтөбе облысының Қаржы басқармасында нақты секторды қаржыландыру бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы, жетекші маман ретінде бастады.

2013–2016 жылдары – Ақтөбе облысының Қаржы басқармасында нақты секторды қаржыландыру бөлімі, білім, мәдениет және спорт салаларындағы бюджет бағдарламаларының орындалуын талдау және бағалау бөлімі, сондай-ақ нақты сектор саласындағы бюджет бағдарламаларының орындалуын талдау және бағалау бөлімінде бас маман.

2016–2019 жылдары – Ақтөбе облысының Қаржы басқармасында нақты сектор саласындағы бюджет бағдарламаларының орындалуын талдау және бағалау бөлімінің басшысы.

2019–2020 жылдары – Ақтөбе облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында мемлекеттік-жекешелік әріптестік және квазимемлекеттік секторды дамыту бөлімі, сондай-ақ инвестициялық жоспарлау бөлімінің басшысы.

2020–2023 жылдары – Ақтөбе облысының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары.

2023–2025 жылдары – Ақтөбе облысы Хромтау ауданы әкімінің орынбасары (Хромтау қаласы).

2025 жылдың қазан айынан бастап – Ақтөбе облысы әкімі Аппараты басшысының орынбасары.

Білімі

2012 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Қаржы» мамандығы бойынша бітірген.