Есенбаев Асылбек Есимканович

Асылбек Есімқанұлы Есенбаев

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

Туған күні
23 қаңтар 1977, 49 жаста
Туған жері
Ақтөбе облысы; Қазақстан
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

Ғылыми атақтары, дәрежелері және ғылыми қызметі:

– Саяси ғылымдар кандидаты.

– Қазақстанды дамыту институтында, «Стратегия» талдау орталығында, ҚР Тұңғыш Президенті Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтында ғылыми қызметкер болды.

Еңбек өтілі:

– Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінде кеңесші қызметін атқарды.

– Астана қаласының Тұрғын үй және құрылыс басқармасының басшысы болды.

– «Рухани жаңғыру» Қазақстан қоғамдық даму институты» КеАҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

– Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданының әкімі болды (02.2022–02.2024 жж.).

– Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарады (02.2024 ж. бастап).

Білімі

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірді, мамандығы – экономист (1998 ж.).