Есенгалиев Муканбеткали Есжанович

Мұқанбетқали Есжанұлы Есенғалиев

Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары

Туған күні
21 шілде 1987, 38 жаста
Туған жері
Батыс Қазақстан облысы; Қазақстан
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

Еңбек жолы:

Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2009 жылы бастады. Әр жылдары облыс әкімі аппаратының бас маманы, бас инспекторы, сондай-ақ Хромтау ауданы әкімі аппаратының жетекшісі қызметтерін атқарған.

2021 жылғы сәуірден бастап Ақтөбе облысы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

2023 жылғы 5 шілдеден бері – Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

Білімі

2008 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірді.

2019 жылы Қазақ-орыс халықаралық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару», «құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдады.