Ешенкулов Талгат Ильясович
- Туған күні
-
01 Шілде, 197847 жас
- Туған жері
-
Жамбыл облысы, Қазақстан
- Тіл білуі
-
Қазақша, Орысша, Ағылшынша
Еңбек жолы:
-
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінде басшылық лауазымдар (2000–2007);
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Жамбыл облысы бойынша Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы (2007–2011);
-
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының орынбасары (07.2016–03.2018);
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрінің міндетін уақытша атқарушы (07.03.2018–13.09.2018);
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы (13.09.2018–02.2019);
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі (02.2019–04.2019);
-
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы (04.2019–09.2019);
-
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің басқарма төрағасы – ректоры (05.2021–08.2022);
-
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі (08.2022 жылдан бастап).
Партиялық тиесілігі:
-
«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі (01.2022).
Ғылыми, әдеби еңбектері және жарияланымдары:
-
Мемлекеттік басқару және білім беру жүйесін дамыту саласында 2 оқу құралының және 19 ғылыми мақаланың тең авторы.
-
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, «Экономист» мамандығы, үздік диплом (1999).
-
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Ұлттық мемлекеттік саясат мектебі, «Құқықтану», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары (2010).
Мемлекеттік басқару және аудит мәселелері бойынша біліктілікті арттыру (2006–2012):
-
Индиана университеті, АҚШ;
-
Сингапур Ұлттық университеті жанындағы Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі;
-
Дьюк университетінің Сэнфорд атындағы Мемлекеттік саясат мектебі, АҚШ;
-
Нидерландының Мемлекеттік басқару институты, Гаага қаласы;
-
Оңтүстік Кореяның Мемлекеттік аудит институты.
«Құрмет» ордені (24.10.2025)