Есмагамбетова Айжан Серикбаевна

Есмагамбетова Айжан Серикбаевна

Жамбыл облысы әкімінің орнбасары
Туған күні
05 Сәуір, 1972
53 жас
Туған жері
Алматы облысы, Қазақстан
Тіл білуі
Қазақша, Орысша
Еңбек жолы

· Алматы қаласындағы №7 емхананың фельдшер-зертханашысы (1990–1991);

· Республикалық санитариялық-эпидемиологиялық станцияның эпидемиолог дәрігері, бактериолог дәрігері, аса қауіпті инфекциялар зертханасының меңгерушісі (1997–2004);

· Жетекші маман, бас маман, сарапшы, бас сарапшы, ұйымдастыру-құқықтық және кадр жұмысы басқармасының басшысы, Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары (08.2004–08.2013);

· Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері (13.08.2013–03.2014);

· Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігіндегі эпидемиологиялық қадағалау департаментінің директоры – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіндегі эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары (2014–2017);

· Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму және қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің директоры (03.2017–11.2017);

· Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры (11.2017–03.2020);

· Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері (03.2020–09.2020);

· Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы (10.2020–02.2022);

· Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері (14.02.2022–10.07.2024);

· «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басқарма төрағасы (08.2024–07.2025);

· Жамбыл облысы әкімінің орынбасары (07.2025 бастап).

Білімі

1997 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін «Санитария, гигиена және эпидемиология» мамандығы бойынша,
2005 жылы «ВШОЗ» Қазақстан медициналық университетін «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша,
2008 жылы Almaty Management University-ді «Денсаулық сақтау саласындағы менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Марапаттары

«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы;

· «Іске адалдығы үшін» III дәрежелі медалі (16.12.2021).