Евгений Андреевич Больгерт
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты
Өмірбаяны
Еңбек жолын заңгерлік және консалтингтік қызметтер саласында бастады.
Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығында атқарушы директордың орынбасары қызметін атқарды (2011)
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы құрылған сәттен бастап тау-кен өнеркәсібі Хатшылығының басшысы, Атқарушы хатшы, базалық салалар бойынша Басқарушы директор лауазымдарын атқарды (2013)
«Kamkor Service» ЖШС Бас директоры (2016-2019)
«KTZ Express» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директоры (2019-2021)
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Басқарма мүшесі-Басқарма төрағасының орынбасары, «Қазақстанның сыртқы сауда палатасы» ЖШС Байқау кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды (2019-2023)
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің хатшысы (2023 бастап)
Білімі
Ресей Федерациясы Әділет Министрлігінің Ресей Заң Академиясы
Заңгер
Дрезден университеті, Заң факультетінің Еуропалық құқық кафедрасы
Master of business administration (MBA) дәрежесі бар
Марапаттары
Металлургия өнеркәсібін дамытуға жәрдемдескені үшін II және III дәрежелі «Еңбек Даңқы» төсбелгісі
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытқаны үшін II дәрежелі «Атамекен» төсбелгісі
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалі
Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі үшін ҚР Құрмет грамотасы (құрмет грамотасы)
Қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасы