Ғабит Жұмабекұлы Жанабаев

Ғабит Жұмабекұлы Жаңабаев

Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

Туған күні
21 қыркүйек 1981, 44 жаста
Туған жері
Қазақстан, Қызылорда қаласы
Тілдерді білуі
kz, ru

Өмірбаяны

2000–2001 жылдары – Қызылорда облыстық статистика департаментінің статистика жөніндегі есептеу орталығында кадр ісін жүргізу жөніндегі инженер

2001–2006 жылдары – Қызылорда облыстық статистика департаментінде экономист, бас маман

2006–2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінде жетекші маман

2008–2011 жылдары – Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында бас маман

2011–2012 жылдары – Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасында бөлім басшысы

2012–2016 жылдары – Қызылорда облысы әкімі аппаратының бөлім басшысы

2016–2020 жылдары – Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары

2020 жылғы шілде айынан бастап – Қызылорда облысының қаржы басқармасы басшысының орынбасары

2021–2022 жылдары – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары

2022 жылғы сәуір айынан бастап – Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы

Білімі

2000 жылы Қазақстан экономика және құқық институтын «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған