Галиев Ерлан Сагындыкович

Галиев Ерлан Сагындыкович

Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы
Туған күні
01 Тамыз, 1982
43 жас
Туған жері
Қарағанды облысы,Қарағанды, Қазақстан
Тіл білуі
Қазақша, Орысша
Еңбек жолы

Еңбек жолын 2004 жылы Қарағанды облысының Әділет департаментінде жетекші маман болып бастап, аталған ведомствода бас маман, бөлім басшысы қызметтерін атқарды.

2008–2011 жылдар аралығында Теміртау қаласының Әділет басқармасы бастығының орынбасары, сондай-ақ Қарағанды облысы Абай ауданының Әділет басқармасы бастығының орынбасары болды.

Одан кейін Шахтинск қаласы әкімінің кеңесшісі, қала әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарды.

2015–2018 жылдары Атырау облысы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар бөліміне жетекшілік етті.

2018 жылдың наурыз айынан бастап Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2023 жылдың 6 ақпанында Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Білімі
  • Қазақ мемлекеттік заң академиясы (2003)
    Мамандығы: «Заңгер»

  • Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (2006)
    Құқық магистрі

  • Заманауи гуманитарлық-техникалық институт (2012)