Ғалым Меңдалыұлы Андалиев
Маңғыстау облысының жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау басқармасының басшысы
Өмірбаяны
Краснояр толық емес орта мектебінің директоры, Батыс Қазақстан облысы Тайпақ аудандық білім бөлімінің бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі (1994–1997)
Маңғыстау облысының әскери комиссариатында қызмет атқарды (1999–2002)
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде офицерлік құрам лауазымдарында әскери қызмет өткерді (2002–2016)
«Ақтау қалалық білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде эстетика және спорт пәндері бойынша әдіскер (2018–2019)
Маңғыстау облысы әкімдігі аппаратының «Жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы (2020–2021)
Маңғыстау облысының Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау басқармасының басшысы (2022 жылдан бері)
Білімі
А.С. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын «Бейнелеу өнері, сызу және еңбекке баулу пәндерінің мұғалімі» мамандығы (1994)
Орталық Азия университетін «Құқықтану» мамандығы (2009)