Ғанижан Піртазаұлы Қалиев

Ғанижан Піртазаұлы Қалиев

Қызылорда облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы

Туған күні
27 қазан 1970, 55 жаста
Туған жері
Қазақстан, Қызылорда қаласы
Тілдерді білуі
kz, ru

Өмірбаяны

1991–1992 жылдары – Қызылорда облыстық Бақылау-тексеру басқармасының бақылаушы-тексерушісі

1992–1998 жылдары – Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік қаржылық бақылау комитеті басқармасының аға бақылаушы-тексерушісі, бас бақылаушы-тексерушісі

1998–1999 жылдары – Ақмола облысы Салық комитетінің сектор меңгерушісі, бөлім бастығы

1999–2000 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бас бақылаушы-тексерушісі

2000 жылғы маусым – 2003 жыл – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің бас бақылаушы-тексерушісі, бөлім бастығы

2003–2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қаржы департаменті бастығының орынбасары, кейін Қаржы департаментінің бастығы

2005 жыл – 2010 жылғы наурыз – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппараты басшысының орынбасары – қаржылық бақылау бөлімінің меңгерушісі

2010 жылғы 15 наурыз – 2016 жылғы қараша – Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау инспекциясының бастығы

2016 жылғы 9 қараша – 2019 жылғы тамыз – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қызылорда облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы

2019 жылғы тамыз – 2023 жылғы қаңтар – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы

2023 жылғы қаңтардан бастап – Қызылорда облысының Бақылау басқармасының басшысы

Білімі

Алматы халық шаруашылығы институтын «Тексеру және бақылау» мамандығы бойынша тәмамдаған

2009 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген