Гүлзира Нұржанқызы Атабаева
ҚР Құрылтайының I шақырылым депутаты («Әділет» партиясы)
Өмірбаяны
«ЖаSTAR ИнЕУ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (2014–2018)
Инновациялық Еуразия университетінің халықаралық және жастар жобалары жөніндегі жетекші маманы (2015–2018)
Павлодар облысын цифрландыру орталығының жобаларды басқару жөніндегі директор орынбасары (2016–2019)
Павлодар ғылыми-технологиялық орталығының бизнес-акселераторының басшысы (2017–2018)
Дүниежүзілік банк гранты бойынша Жастар корпусын дамыту жобасының Павлодар облысындағы логистикалық қамтамасыз ету үйлестірушісі (2017)
«Павлодарпрофсервис» ЖШС директорының міндетін атқарушы (2020–2021)
Павлодар облыстық волонтерлер фронт-офисінің волонтерлік бағдарламаларды мониторингілеу жөніндегі сарапшысы (2020)
«Қазақстан Еңбек Адамы» ҚҚ сарапшысы (2020–2026)
«YNTYMAQ» Қазақстандық шағын және орта бизнес қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ ПОҚ төрағасы (2020–2026)
«UMAY» әлеуметтік жобалар қоры» ҚҚ атқарушы директоры (2021–2024)
Қазақстан Республикасы альпинизм және спорттық құзға өрмелеу федерациясы» ЗЗБ жобалық кеңсесінің басшысы (2021–2026)
Қазақстан медиаторлар қауымдастығының кәсіби медиаторы (2025–2026)
Қазақстан Республикасы Құрылтайы I шақырылымының «Әділет» партиясынан депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі (2026)
Білімі
Инновациялық Еуразия университеті, Бизнес және құқық факультеті, «Құқықтану» мамандығы (2012–2016)
Maqsut Narikbayev University, ғылыми-педагогикалық магистратура, «Құқықтану» мамандығы (2025)
Марапаттары
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2024)
«Шапағат» медалі (2024)