Илебаев Лесбек Куралбаевич

Илебаев Лесбек Куралбаевич

Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы
Туған күні
17 Тамыз, 1982
43 жас
Туған жері
Жамбыл облысы,Тараз қаласы, Қазақсан
Тіл білуі
Қазақша, Орысша
Еңбек жолы

2004–2010 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі болып жұмыс істеді.

2010–2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының докторантурасында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алды.

2014–2016 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2016–2017 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аппаратында жұмыс істеді.

2017–2018 жылдары «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ұлттық компаниясы» АҚ басқарушы директоры, басқарма төрағасының міндетін атқарушы лауазымдарын атқарды.

2018–2019 жылдары коммерциялық ұйымдарда басшылық қызметтерде болды.

2020–2023 жылдары Жамбыл облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің Әдеп жөніндегі кеңесінің хатшылығының меңгерушісі, департамент басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2023 жылғы қаңтардан 2024 жылғы қаңтарға дейін Жамбыл облысы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы болды.

2024 жылғы қаңтардан бастап Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы.

Білімі

2004 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген,
«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша PhD доктор ғылыми дәрежесіне ие.