Исабаев Бейбит Оксикбаевич

Исабаев Бейбит Оксикбаевич

Жетісу облысы әкімі

Туған күні
4 желтоқсан 1962, 63 жаста
Туған жері
Алматы облысы,Балқаш ауданы,Бақанас ауылы; Қазақстан
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша, ағылшынша

Өмірбаяны

Ғылыми атақтар, дәрежелер және ғылыми қызметі:

  • Саяси ғылымдар кандидаты. Диссертация тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы бұқаралық ақпарат құралдары және этносаяси үдерістер» (1998 ж.)

  • Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі (1996 ж.)

  • Төтенше және Өкілетті Елші I дәрежелі дипломатиялық дәрежесі (2005 ж.)

Еңбек өтілі:

  • Қазақ КСР Телевизия және радио хабарларын тарату жөніндегі Мемлекеттік комитетінің редакторы (1985–1987);

  • Республикалық «Лениншіл жас» газетінің корреспонденті, бөлім меңгерушісі (1987–1991);

  • «Өркен», «Горизонт» газеттерінің бас редакторының орынбасары, бас редакторы (1991–1994);

  • Қазақ мемлекеттік телевидениесінің Бас директоры (02.1994–04.1994);

  • Алматы қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары (05.1994–07.1994);

  • Алматы қаласы әкімдігінің Ішкі саясат комитетінің төрағасы (07.1994–1995);

  • Алматы қаласы әкімінің орынбасары (1995–1997);

  • Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының тыңдаушысы (1997–1999);

  • ҚР Сыртқы істер министрлігі Аппараты департаментінің директоры (1999–2000);

  • ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Үкіметтік ақпарат бөлімінің меңгерушісі (2000–05.2002);

  • ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі (05.2002–09.2002);

  • ҚР Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі (09.2002–12.2002);

  • «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық үйлестірушісі (12.2002–2003);

  • Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2003–2006);

  • Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, қоса атқарушы негізінде Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елші (25.04.2006–27.02.2008);

  • Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі (27.02.2008–19.08.2008);

  • Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы (19.08.2008–25.06.2009);

  • Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (07.2009–16.03.2015);

  • Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (16.03.2015–07.2019);

  • Қазақстан Республикасы Президентінің Парламенттегі Өкілдігінің басшысы (07.2019–13.01.2022);

  • Жетісу облысының әкімі (11.06.2022, 01.12.2022 ж. қайта тағайындалды)

Партиялық тиесілігі:

  • «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесінің мүшесі (01.2022 бастап)

Сайланған лауазымдары, депутаттық қызметі:

  • Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы (13.01.2022–14.06.2022)

Білімі

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1985 ж.)
Мамандығы: журналист.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясы (1999 ж.)
Мамандығы: халықаралық қатынастар жөніндегі маман (мамандығы — халықаралықтанушы).

Марапаттары

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, сыйлықтары, құрметті атақтары:

  • «Құрмет» ордені (2007 ж.)

  • Медальдар: «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005 ж.), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл»

  • Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы (2001 ж.)

Ғылыми және әдеби еңбектері, жарияланымдары:

  • Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған бірнеше мақалалардың авторы

Әскери қызметі, әскери және арнайы атақтары, сыныптық шендері:

  • Запастағы аға лейтенант