Юрий Владимирович Пя
Кардиохирург
Өмірбаяны
Ресей Федерациясы, Тула қаласындағы №1 қалалық аурухананың дәрігер-интерні (1981–1982)
Қырғыз Республикасы, Фрунзе қаласындағы №3 балалар ауруханасының дәрігер-интерні, травматолог дәрігері (1982–1984)
Қырғыз Республикасы, Фрунзе қаласындағы Республикалық клиникалық аурухананың рентгенолог дәрігері, кардиохирург дәрігері (1984–1985)
Қырғыз кардиология ғылыми-зерттеу институтының жүрек-қан тамырлары хирургы, Фрунзе қаласы (1985–1994)
Түркияның Адана қаласындағы SaniKonukoglu медициналық орталығының жүрек-қан тамырлары хирургы (1994–2003)
Астана қаласындағы «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» РМК директорының орынбасары – бас кардиохирургі (2003–2010)
Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы
Білімі
Н.И. Пирогов атындағы 2-Мәскеу мемлекеттік медицина институты (1981)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Ұлттық кардиология және терапия орталығында клиникалық ординатурадан өтті
Мәскеудегі А.Н. Бакулев атындағы Жүрек-қан тамырлары хирургиясы ғылыми орталығында медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғады
Ресей Федерациясы Білім және ғылым министрлігі медицина ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін берді.
Біліктілігін арттыру:
- Каунас медицина институты (Литва)
- А.Н. Бакулев атындағы орталық (Ресей)
- Қазақ медициналық академиясы (Қазақстан)
- Шнайдер балалар медициналық орталығы (Израиль)
- Клиникалық және эксперименттік медицина институты (Чехия)
- Жүрек трансплантациясы бойынша тағылымдама (Литва)
- Фрайбург университетіндегі хирургиялық даярлық бағдарламасы (Германия)
- Жүрек қақпақшасын қалпына келтіру бойынша тағылымдама (Бельгия)
- Жүрек жеткіліксіздігін емдеу бойынша тағылымдама (АҚШ)
- Инновациялық даму корпорациясында «Кардиохирургияның өзекті мәселелері» оқу циклі, Астана қаласы
- «Парасат» Қазақстан медициналық біліктілікті арттыру институтында «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» оқу циклі, Астана қаласы
- Қазақстан кәсіби даму институтында «Балалар кардиохирургиясының өзекті мәселелері» оқу циклі, Астана қаласы
- Қазақстан кәсіби даму институтында «Жалпы хирургия (трансплантология)» мамандығы бойынша «Трансплантациялық үйлестіру және ағза донорлығы» оқу циклі, Астана қаласы
Марапаттары
«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі (2006)
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі (2011)
Қазақстан Республикасы Патриоттарының V жалпыұлттық форумының «Жыл патриоты» атағы (2012)
«Алтын адам – Жыл адамы» ұлттық сыйлығының «Жыл дәрігері» аталымының лауреаты (2012)
«Парасат» ордені (2012)
«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы және ерекше айырым белгісі – «Алтын жұлдыз» (2013)
«Отан» ордені (2013)
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалі (2016)
«Астана 20 жыл» мерейтойлық медалі (2018)
«Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалі (2020)