Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов

Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов

ҚР Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

Туған күні
21 сәуір 1964, 62 жаста
Туған жері
Талдықорған облысы, Панфилов қаласы; Қазақстан
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша, ағылшынша

Өмірбаяны

  • В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының саяси тарих кафедрасының оқытушысы (1987–1991)

  • Қазақ мемлекеттік университетінің аспиранты (1991–1993)

  • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия елдері басқармасының үшінші, екінші хатшысы, бөлім меңгерушісі, басқарма бастығының орынбасары (1993–1997)

  • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия елдері департаменті директорының орынбасары (1997)

  • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 4-департаменті директорының орынбасары – Азия, Таяу Шығыс және Африка басқармасының бастығы (1997–1998)

  • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 3-департаментінің директоры (02.1998–04.1999)

  • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі екіжақты қатынастар департаментінің директоры (04.1999–12.1999)

  • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі (12.1999–01.2001)

  • Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінің кеңесші-елшісі (01.2001–04.2003)

  • Қазақстан Республикасының Израиль Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі (04.2003–03.2006)

  • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары (03.2006–20.08.2007)

  • Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі (20.08.2007–04.09.2008)

  • Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі (04.09.2008–26.12.2008)

  • Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі (12.2008–03.2011)

  • Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі, қоса атқару тәртібімен Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (03.2011–26.11.2013)

  • Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі (26.11.2013–28.12.2016)

  • Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі (28.12.2016–12.2018)

  • Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі (03.2019–12.2020)

  • Қоса атқару тәртібімен Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі (07.2019–12.2020)

  • ЕҚЫҰ Жоғарғы комиссары, ұлттық азшылықтар істері бойынша (12.2020–06.09.2024)

  • Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, қоса атқару тәртібімен Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі (06.09.2024–09.12.2025);

  • Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (09.12.2025 жылдан бастап)

 

Өзге де қызметтері:

  • Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қауымдастығының мүшесі (2004 жылдан)

  • Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның мүшесі (17.04.2017)

  • Қазақстанның халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің мүшесі (05.2017)

  • Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі (26.02.2019 жылға дейін)

Білімі

  • С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (1987)
    Мамандығы: тарихшы

Марапаттары

  • «Құрмет» және «Парасат» ордендері

  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медальдары

  • Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы; «Қазақстан Республикасында туризмді дамытудағы еңбегі үшін» белгісі