Қайрат Телманұлы Қамбаров

Қайрат Телманұлы Қамбаров

ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы

Туған күні
11 сәуір 1989, 37 жаста
Туған жері
Алматы қаласы; Қазақстан
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша, ағылшынша

Өмірбаяны

Еңбек жолын 2010 жылы Астана қ. Ішкі саясат басқармасының бас маманы болып бастады

2012-2013 жылдары — Астана қ. әкімі аппараты бөлімінде бас маман, бас маман – протокол басшысы

2013 жылы ҚР Президентінің Іс басқармасында сектор бөлімінің меңгерушісі, Астана қ. Жастар саясаты мәселелері басқармасы бөлімінің басшысы

2013-2014 жылдары — «Нұр Отан» партиясының Астана қ. филиалының бөлім кеңесшісі

2014-2015 жылдары — Астана қ. бойынша Тексеру комиссиясы бөлімінің бас инспекторы-бас бақылаушысы

2015 жылы Астана қ. Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы

2015-2018 жылдары — Астана қ. Ішкі саясат басқармасының бөлімі басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары, Астана қ. әкімі аппаратының бөлім басшысы

2019-2021 жылдары — Нұр-Сұлтан қ. Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы

2021-2022 жылдары — Нұр-Сұлтан қ. Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы

2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін — Астана қ. Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы

Білімі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

«Тұран-Астана» университеті