Қайыржан Серікбайұлы Жақсымбетов
- Туған күні
-
04 Ақпан, 197551 жас
- Туған жері
-
Жамбыл облысы, Қазақстан
- Тіл білуі
-
Қазақша, Орысша
Еңбек жолын 1997 жылы Жамбыл облысындағы «Жамбылагропромстрой» АҚ-да құрылыс учаскесінің шебері болып бастаған
1999-2000 жылдары «Ақбұлақ» АҚ-да құрылыс учаскесінің шебері болып қызмет атқарған
2001 жылы Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппаратының коммуналдық шаруашылық және құрылыс бөлімі маманының міндетін атқарушы болып мемлекеттік қызметке ауысты. Кейін осы бөлімнің маманы қызметін атқарған
2002-2003 жылдары Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінің заң бөлімінің жетекші маманы болып жұмыс істеген
2003 жылы Жамбыл облысындағы «Сары-Арқа» СХК-ның вице-президенті лауазымын атқарған
2004-2011 жылдары Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінде түрлі лауазымдарда, соның ішінде бас маман, қайта жоспарлау және қайта құруды бақылау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған
2011-2016 жылдары Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті директорының орынбасары және басшының орынбасары лауазымдарын атқарған
2016-2017 жылдары Алматы қаласы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы қызметін атқарған
2017-2018 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс істеген
2020-2023 жылдары Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары қызметін атқарған
2023 жылдың наурыз айы мен 2024 жылдың қарашасына дейін Алматы облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарған
2024 жылдың 19 қарашасынан бастап Іле ауданының әкімі лауазымына тағайындалды
1997 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы
2000 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін «Құқықтану» мамандығы