Қанат Ақылбайұлы Сахариянов

Қанат Ақылбайұлы Сахариянов

«MEDIA HOLDING «ATAMEKEN BUSINESS» ЖШС-нің бас директоры

Туған күні
13 қазан 1975, 50 жаста
Туған жері
Қазақстан, Алматы қаласы
Тілдерді білуі
kz, ru, en
Әлеуметтік желілер

Өмірбаяны

2001–2006 жылдары «Хабар» агенттігі» АҚ-да заңгер, заң бөлімінің бастығы қызметін атқарды

2006 жылдан 2012 жылдың маусымына дейін «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары, басқарма мүшесі болды

2012 жылдың маусымынан 2014 жылдың қараша айына дейін «Қазмедиа Орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-нің бас директоры қызметін атқарды

2014 жылғы 19 қарашадан 2016 жылғы 17 қазанға дейін «Коммерциялық телевизиялық арна» АҚ-ның бас директоры болды

2016 жылғы 12 желтоқсаннан 2017 жылдың ақпанына дейін «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды

2017 жылдың ақпанынан 2018 жылдың ақпанына дейін Atameken Business Channel байқау кеңесінің төрағасы болды

2018 жылдың ақпан айынан бастап Atameken Business телеарнасының, «MEDIA HOLDING «ATAMEKEN BUSINESS» ЖШС-нің бас директоры

Білімі

1992–1997 жылдары Қазақ мемлекеттік медицина университетінде білім алып, дәрігер-стоматолог мамандығын тәмамдаған

2001 жылы Қазақ ұлттық заң академиясын құқықтану мамандығы бойынша бітірген

2008 жылы HEC Paris (Францияның Жоғары коммерция мектебі) оқу орнында International Executive Master of Business Administration (IE MBA) дәрежесін алған

2007 жылы Asia Law & Practice (Legal Media Group) ұйымы жыл сайын жасақтайтын Азия-Тынық мұхиты өңірінің корпоративтік заң кеңесшілері тізіліміне енгізілген

2013–2015 жылдары Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында білім алып, іскерлік әкімшілендіру докторы (Doctor of Business Administration, DBA) дәрежесін алған

Марапаттары

«Парасат» ордені (2026)

«Құрмет» ордені (2021)

«Қазақстан Конституциясына 30 жыл» медалі (2025)

«Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011)

«Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалі (2021)

«Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалі (2015)

Ведомстволық және мерейтойлық марапаттары

«Қазақ телевидиясына 60 жыл» төсбелгісі

«Хабар» агенттігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының және басқа да ұйымдардың мерейтойлық медальдары

Алғыс хаттары

Қазақстан Республикасы Президентінің, Сенат төрағаларының, Жоғарғы Соттың, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың алғыс хаттарымен марапатталған