Қанат Маратұлы Тіреуов

Қанат Маратұлы Тіреуов

«Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ басқарма төрағасы – ректоры
Туған жері
Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Хантау станциясы, Қазақстан
Тіл білуі
Қазақша, Орысша
Өміріне қатысты қызықты деректер
  • Кандидаттық диссертация қорғады (2006): «Аграрлық өндірісті басқарудың тиімділігі (аграрлық кәсіпорындар материалдары негізінде)»

  • Докторлық диссертация қорғады (2009): «Қазақстанның аграрлық секторында корпоративтік басқаруды дамыту»

Еңбек жолы
  • Қазақ ауыл шаруашылығы институтының «Информатика және есептеу техникасы» кафедрасының ассистенті (1994–1996)

  • Қазақ ауыл шаруашылығы институтының ақпараттық-есептеу орталығы директорының орынбасары (1996–1998)

  • Қазақ ауыл шаруашылығы институтының ақпараттық-есептеу орталығының директоры (1998–2000)

  • Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы (2000–2006)

  • Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Экономика және қаржы» факультеті деканының орынбасары (2006–2008)

  • Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Экономика және қаржы» факультетінің деканы (2008–2009)

  • Қазақ ұлттық аграрлық университетінің оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры (2009–2011)

  • Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің бірінші проректоры (2011–2022)

  • «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ басқарма төрағасы – ректоры (2022 жылғы 2 қарашадан бастап)

Білімі
  • Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (1994) — «Механика және қолданбалы математика»

  • Қазақ ұлттық аграрлық университеті (2005) — «Экономика»

Марапаттары
  • «ЖОО-ның үздік оқытушысы» (2010)

  • «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2011)

  • «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2011)

  • «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 20 жыл» медалі (2012)

  • «Ауыл шаруашылығының үздігі» (2015)

  • «А. Байтұрсынов атындағы алтын медаль» (2011)

  • «Құрмет» ордені

Архив казинформ
Посмотреть еще