Қанатбек Бақытұлы Жайсанбаев

Қанатбек Бақытұлы Жайсанбаев

Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары – Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының басшысы

Туған күні
8 ақпан 1980, 46 жаста
Туған жері
Қазақстан, Қызылорда қаласы
Тілдерді білуі
kz, ru
Әлеуметтік желілер

Өмірбаяны

2000–2001 жылдары – Қазақ мемлекеттік заң академиясының Қызылорда филиалының оқытушысы

2001 жылғы тамыз–қыркүйек айларында – Қызылорда облысы бойынша соттар әкімшісінің бас маманы

2001–2005 жылдары – Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы, бас инспекторы, бөлім меңгерушісі

2005–2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы

2007–2008 жылдары – «Kazakh Integrated Services» ЖШС және «CNRG Capital» ЖШС заңгері

2008–2010 жылдары – Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары

2010 жылғы қазанға дейін – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.

2016 жылғы қазан – 2021 жылғы сәуір аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы, кейін Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі орынбасары

2021 жылғы сәуір – 2022 жылғы 9 желтоқсан аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің меңгерушісі

2022 жылғы 9 желтоқсан – 2023 жылғы 1 қыркүйек аралығында – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі

2023 жылғы 1 қыркүйек – 2026 жылғы 8 шілде аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі

2026 жылғы 8 шілдеден бастап – Қазақстан Халық Кеңесі Төрағасының орынбасары – Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының басшысы

Білімі

2000 жылы – Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған

2012 жылы – Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген