Қарлығаш Әмірқызы Аралбекова

Қарлығаш Әмірқызы Аралбекова

Тараз қаласы «Жібек жолы» ауданының әкімі

Туған күні
25 шілде 1977, 48 жаста
Туған жері
Қазақстан; Жамбыл облысы
Тілдерді білуі
Қазақша, орысша

Өмірбаяны

Еңбек жолын 2003 жылы Алматы қаласында «ASIC» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің менеджері болып бастаған

2004-2005 жылдары – «Бетта стар», «Алматы Құс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің менеджері, кредиттік офицері

2005- 2009 жылдары – «АТФ Банк» акционерлік қоғамының бас маманы, басқарма бастығы, филиал директоры

2009-2013 жылдары – «Альянс Банкі» акционерлік қоғамының басқарма басшысы, департамент директоры, филиал директоры

2013-2015 жылдары – «Банк Центр Кредит» акционерлік қоғамының филиал директоры

2015-2017 жылдары – Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасының директоры

2017-2018 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы

2018-2020 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің туризм басқармасының басшысы

2020-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің басқарма басшысы

2021-2024 жылдары – Халықаралық туризм және қонақжайлылық университетінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы

2024-2025 жылдары – «Kazyna TAU» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры қызметтерін атқарған

2025 жылдың 31 қазанынан бастап қала әкімінің өкімімен Тараз қаласы «Жібек жолы» ауданы әкімі болып тағайындалды

Білімі

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті

Абай атындағы Алматы университеті

Чехия Республикасындағы Орталық Богемия қолданбалы ғылымдар және менеджмент институтын «Экономика және бизнес», «Қаржы және несие», «Халықаралық экономика» мамандықтары бойынша бітірген