Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев

Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев

«Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы

Туған күні
13 шілде 1977, 49 жаста
Туған жері
Қазақстан, Батыс Қазақстан облысы
Тілдерді білуі
kz, ru
Әлеуметтік желілер

Өмірбаяны

1998–1999 жылдары «Столичное обозрение» газетінде тілші болып еңбек етті

1999–2000 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің (Мемстандарт) баспасөз хатшысы қызметін атқарды

2000–2001 жылдары «Интерфакс-Қазақстан» ақпарат агенттігінде тілші болды

2001–2007 жылдары «Қазақтелеком» АҚ-да Президенттің кеңесшісі, корпоративтік сату дирекциясының атқарушы директоры және бас директоры қызметтерін атқарды

2007–2011 жылдары «TNS-Plus» ЖШС-нің бас директоры болды

2011–2014 жылдары «Altyntau Resources» АҚ-ның басқарушы директоры қызметін атқарды

2014–2016 жылдары «Қазмедиаорталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС-де стратегиялық және коммерциялық қызмет жөніндегі бас директордың орынбасары, кейін бірінші орынбасары болды

2016 жылғы шілде–қыркүйек аралығында Орталық коммуникациялар қызметінің директоры қызметін атқарды

2016 жылғы қыркүйектен 2017 жылғы ақпанға дейін «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы болды

2017–2019 жылдары «Smartway Systems» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы қызметін атқарды

2019–2020 жылдары «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма төрағасы болды

2020–2022 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды

2022 жылғы наурыз айынан бастап Ұлттық медиа қауымдастығының төрағасы

2023 жылғы 13 қыркүйектен бастап «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарып келеді

Білімі

1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша тәмамдаған

2004 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген

2016 жылы Швейцариядағы Geneva Business School бизнес мектебінде MBA дәрежесін алған